Маңғыстау облыстық "Ана мен бала" перинаталдық орталығының дәрігерлері Covid-19 инфекциясымен ауырған жүкті әйелді аман алып қалды. Науқастың өкпесі 70% зақымдалған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қаласының тұрғыны Бақтыгүл Кабулдина перинаталдық орталыққа жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Жүкті келіншектің өкпесіне зақымдалғандықтан, құрсақтағы балаға жеткілікті оттегі бармаған.
"Бастапқыда мен аурумен өзім күрестім. Бірақ кейінірек өзін-өзі емдеу менің қателігім екенін түсіндім. Қорқынышты болды. Ентігу күшейіп, жүрек тоқтап қалатындай сезім болды. Мен енді жақындарымды көрмеймін деп ойладым. Мен және менің балам дәрігерлердің арқасында аман қалдық. Перинаталдық орталықтың медицина қызметкерлеріне алғысым шексіз", - деді әйел.
Айта кету керек, бұл Бақытгүл Кабулдинаның отбасындағы бесінші бала. Қазір әйел өзін жақсы сезінеді, баланың өміріне қауіп төндіп тұрған жоқ. Бірнеше күннен кейін олар перинаталды орталықтан шығарылады.
Облыстық перинаталдық орталық базасындағы инфекциялық бөлімшеде 40 әйел ем алып жатыр. Оның бесеуі ауыр халде. Олар жансақтау бөліміне ауыстырылып, ӨЖЖ аппаратына қосылған.
Дәрігерлер жүктілік респираторлық вирустық инфекциялардан ауыр дерттің қаупін арттыратынын ескертеді. Сондықтан жүкті әйелдерге коронавирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту үшін қатаң оқшаулау режимі ұсынылады.
Сонымен қатар, коронавирустық инфекциямен ауыратын әйелдер жүктілікті жоспарламас бұрын тексеруден өтуі керек. Әсіресе, сауыққаннан кейін екі айдан кейін ентігу кетпейтін әйелдер тексеруден өтуі керек.