7 шілде күні қала аумағында 7 нысанға мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 15 шағынауданда орналасқан «Jetset» және 32 в шағынауданда орналасқан «Кега» кафелерінің санитарлық талаптарды сақтамағаны анықталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Нысан иелеріне эпидемияға қарсы нормаларды бұзу туралы актілер толтырылды. Айта кетейік, мониторинг жұмыстары Маңғыстау облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жүргізіліп жатыр.