Бүгін Маңғыстау облысынан 5 адам "Nur Otan" партиясына қабылданды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Атап айтқанда жеке кәсіпкер, қайырымдылық шараларына тұрақты қатысушы волонтер Асем Есенбаева, жеке кәсіпкер, партия белсендісі Сейфи Салимов, "Acero Group" ЖШС бас директоры Азамат Ержанов, Маңғыстау облыстық орталық ауруханасының лаборанты Несип Көмекова және "Tasbulat Service Company" ЖШС директоры Чингиз Тасболатовқа партия куәлігі табысталды.
Партияға қабылдау рәсімі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр.
Салтанатты шара барысында партия ардагері Ерғали Курашев сөз сөйлеп, партияға жаңа қосылған азаматтарды құттықтады.
Сонымен қатар партия белсенділері Айдын Мамедов, Аида Ертілеуова, Ғани Құрманғалиевке "Алғыс хат" берілді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА