© Талант ҚҰСАЙЫН
Ақтауда №2, №4 бағытындағы автобустарды жаңарту үшін «Каспий» ӘКК ҰК-на жаңа 16 автобусқа ұсыныс берді. Бұл туралы қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Автобустарды 2021 жылдың соңына дейін қалаға жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Қала әкімінің айтуынша, бұдан бөлек тасымалдаушы мекеме өз қаражаты есебінен 10 дана жаңа заманауи «DAEWOO» маркалы автобустарын сатып алу бойынша алғашқы жарнасын төлеп, құрастырушы кәсіпорынмен келісім шартқа отырды. Автобустар 2021 жылдың II тоқсанында жеткізілуі мүмкін.
Еске сала кетейік, 2021 жылы Ақтаудағы қоғамдық көліктердің 95%-ы жаңартылады деп жоспарланған болатын. Соның аясында былтыр 1 қарашадан бастап №3, №7, №8 бағытындағы жаңа қоғамдық көліктер іске қосылды. Сонымен қатар тағы 30 төмен еденді жаңа автобустар келді. Оның 12-і Мұнайлы ауданының №107 маршрутыны және қалғаны №5, №4м маршруттарына берілді.