Маңғыстауда жүк көлігі газ құбырына соғылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгін сағат 12:50 шамасында Маңғыстау ауылындағы "Бесшоқы" тұрғын үй массивіне кірер жолда ауыр техника тиеген арнайы жүк тасымалдаушы көлігі жоғары қысымды газ құбырын соғып, апатты жағдай орын алды
Оқиға орнына коммуналдық мекеме қызметкерлері, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, жедел-жәрдем, ҚазТрансГазАймақ мекемесі тиісті шараларды қолданды. Қазір газ құбырын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, делінген Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Зардап шеккендер жоқ.