Ақтауда теңіз жағалауында жылжымалы екпе егу пункті ашылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жаңадан іске қосылған вакцина пункті 23-25 сәуір аралығында сағат 17:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Қала тұрғындары дәрігер тексерісінен өтіп, екпе алуды жалғастыруда.
Айта кетейік, алдағы уақытта жылжымалы медициналық көлік ауылдық және шалғай елді мекен тұрғындарына вакцинация жүргізу үшін жіберілетін болады. Жылжымалы медициналық көлік ауыл тұрғындарын вакцинамен қамтамасыз етуге бағытталады.