Ақтауда сенбілік аясында 850 тоннаға жуық қоқыс шығарылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Таза табиғат» жобасының «Бірге таза Қазақстан» және «Мекенім – жасыл орманым» атты акциялары аясында жаппай сенбілік өтті.
Ақтау қаласының №3 жол бойындағы талдардың түптерін әктеу жұмыстары жүргізіліп, сенбілікке қала әкімдігінің қызметкерлерімен қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мамандары барлығы 150 қызметкер қатысты.
Сонымен қатар, Ақтау қаласы 40 және 33 шағынаудан «Маңғыстау арена» спорт кешеніне сенбілік жұмыстары жүргізілді. Сенбілік жұмыстарына «Ақбота» МКК-нан және қалалық құрылыс мекемелерінен 17 дана жүк тиегіш (самосвал) 7 дана тиегіш (погрузчик) техникалары жұмылдырылып, 850 тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдықтар тазартылды, делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сенбілік жұмыстарына барлығы 650-ге жуық қызметкер қатысты.