ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ҚР ҚПК 200-бабының тәртібімен енгізген ұсынысы МО мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасы өткізген жиында қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мәжіліске Департамен басшылығы мен Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ басшылары, мамандары қатысты.
Жиында аталған мекеме басшысының «Ақмыш сайы» тарихи-мәдени ескерткішінің аймағын абаттандыру жұмыстары толығымен орындалмағанына қарамастан, жұмысты тапсыру-қабылдау актісін жасақтап, заңбұзушылық әрекетке жол берген ісі қаралды.
Мәжіліс соңында Департамент тарапынан мемлекетке шығын келтіруіне байланысты заң бұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде тиісті ұсыныс жеткізілді.