Ақтау қаласындағы қоғамдық көліктерге жолақы төлеудің электронды жүйесін енгізу толықтай аяқталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тұрғындар кез келген банк карталары (Master card, Visa), арнайы “О-сити” көлік картасы, жеңілдік карталары (Қазпошта) арқылы жолақыны төлей алады. Ол үшін картаны валидаторға қойып, төлем алу нәтижесін күтесіз, делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бастысы, тұрғындар үшін тиімді арнайы “О-сити” көлік карталары сатылымға шықты. Қоғамдық көліктердегі кондукторлардан алуға болады. Құны - 400 тг. Бастапқыда 1 рет тегін жүру мүмкіндігі қарастырылған.
- Картаны пайдалану үшін ішінде қаражат болуы тиіс. Қаражатты Каспий банк қосымшасы (картада көрсетілген жеке шотпен) немесе киви терминалы арқылы толтыруға болады. Сондай-ақ, алдағы уақытта балаларға арналған карталар да сатылымға шығады. Айта кетейік, қаладағы 7-15 жас аралығындағы мектеп оқушыларының тізімі жасақталуда.
- Жолақы төлеудің электронды жүйесі туралы сұрақтарыңыз туындаған болса, Саll орталық: +7 771 742 4600 хабарласуға болады.