«Қазіргі әлемдегі бейбітшілік пен сенімнің маңызы» онлайн-форумының ашылу салтанаты дипломатиялық қызмет өкілінің презентациясымен басталды.
24 наурызда Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінде халықаралық медианың дамуына арналған «Қазіргі әлемдегі бейбітшілік пен сенімнің маңызы» атты баспасөз конференциясы өтті. Форумның ашылу салтанатында департамент өкілі сұрақтар қойып, пікірталас бастады.
Кездесуде бірінші болып «Түрікменстан Бүгін» мемлекеттік ақпарат агенттігінің төрағасы Мердан Газакбаев сөз сөйледі. Ол конференция қатысушыларына елінде жүргізіліп жатқан реформалар, жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар, Ашхабадтың 140 жылдығы, сондай-ақ Мемлекет Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы айтып өтті. Ақпараттық агенттіктің директоры сөзінің соңында шетелдік әріптестеріне Түрікменстандағы өмірді айқын көрсететін түрлі ақпарат таратудағы көмегі үшін алғысын білдірді.
М. Газакбаевтың сөзінен кейін Азия-Тынық мұхиты хабарларын тарату одағының бас хатшысы, Ресейдің «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының төрағасы, «Бүкілресейлік мемлекеттік телерадиохабар тарату компаниясы» Федералды мемлекеттік унитар кәсіпорны бас директорының орынбасары, сондай-ақ Пәкістан, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Үндістан және басқа да елдердің ірі хабар тарату ұйымдарының өкілдері пікірлерін айтып өтті.
Іс-шараға қатысушылар түрікмен мемлекетінің бастамасын толығымен қолдап, өзара ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіліктерін білдірді.
Сонымен қатар, баспасөз конференциясына «Маңғыстау Медианың» директоры Айсұлу Дутбаева қатысты.
Мейіржан Туманов