Ақтаулық ұстаздар «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2020» атағына ие болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Білім және ғылым министрінің қатысуымен өткен «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын марапаттау шарасында ақтаулық екі ұстаз үздіктер қатарынан танылды. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің оқытушылары аталған атақтың куәлігі мен төсбелгісін алды, делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Олар:
- Лидия Таймуратова, Физика-математика ғылымдарының кандидаты , «Ілгері ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі;
- Айгуль Естурлиева, Экономика ғылымдарының кандидаты, «Экономика» кафедрасының доценті.