17-25 наурыз аралығында облыс бойынша оқушылар арасында коронавирус жұқтырған 12 жағдай, мұғалімдер арасында 4 жағдай тіркелді. Бұл туралы ҚКО-да өткен брифингте Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары Асылбек Шаров айтты.
Оның айтуынша, 1 оқушыдан жедел ота жасату алдында өткізілген дәрігерлік тексеріс барысында, ал қалған 11 оқушы үйдегі қарым-қатынас арқылы вирус жұқтырғаны белгілі болған. Коронавирус инфекциясы Ақтау қаласындағы 6 мектеп пен Мұнайлы ауданындағы «Қызылтөбе лицейі» ММ оқушыларынан анықталып отыр.
«Оқушылардың 7 оффлайн, 5 онлайн режимде оқиды. 12 оқушының сыныптастары үй карантиніне алынды. 24 наурызда Ақтаудағы №15 мектебінде оффлайн режимде оқитын 2 «Б» сыныбы оқушысынан вирус анықталды. 2020 жылдың 1 қыркүйектен бастап 17 наурызға дейін «COVID-19» мектеп оқушыларының арасында 142 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 89 оқушы онлайн, 53 оқушы дәстүрлі форматта оқитындар», - деді Асылбек Шаров.