Ақтауда Наурыз мерекесі қарсаңында МО депутаттары мүмкіндігі шектеулі азаматқа велотренажер тарту етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қаласының тұрғынының сұранысы бойынша Маңғыстау облысының депутаттары Ахмет Салманов пен Аббат Өрісбаев мүмкіндігі шектеулі жандардың бірі, қаламыздың жас тұрғыны Нұрбек Мырзаханға су жаңа велотренажер тарту етті. Сонымен қатар, депутаттар Нұрбекке ыстық лебіздерін білдіріп, алға қойған мақсаттарына жетуіне тілектестік білдіріп, сәттілік тіледі.