Сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселеге айналғаны қашан. Өйткені, ол, әлеуметтік-экономикалық дамуды, нарықтық экономиканы құруды һәм инвестициялар тарту процесін баяулатып, мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Шешiмi күрделi әлеуметтiк мәселелерде де қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған, ол – жемқорлық. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, дегенмен бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.
Сыбайлас жемқорлықтың басты көріністері қандай? Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау. Яғни, негізінен лауазымды қылмыстар. Осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес - ең өзекті мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі - осы зұлымдықпен күресу.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өзінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір заңға қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.
Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету бүгінгі күндегі - басты мақсат.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті және борышы. Осы кеселді жоюға арналған заң талаптарының орындалуына атсалысуға тырысайық!
Майра Сардарбек,
Маңғыстау облысы бойынша қазынашылық департаменті басшысының орынбасары