Жаңаөзенге бөлінген сұйытылған мұнай газдың 55 тоннасын қаладан тыс аймаққа алып кетпекші болған. Оларды құқық қорғау органдары мен әкімдік қызметкерлері Жаңаөзен стелласы жанынан ұстады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Келіссөздер нәтижесінде ұсталған газ Жаңаөзен қаласындағы газ құю бекеттеріне жіберілетін болып шешілді. Бұл жұмысты әкімдік қызметкерлері қадағалауына алды.
Айта кетейік, күні кеше облыс әкімі шұғыл шешім қабылдап, «Қазақ газ өңдеу» зауытынан наурыз айының соңғы күндері берілетін газды бері жылжытып, бүгін-ертең газ құю бекеттеріне жіберуді тапсырған болатын. Сондай-ақ газ құю станцияларына тәулік бойы мониторинг жүргізуді айтқан еді. Соның нәтижесінде «ҚазГӨЗ» ЖШС Жаңаөзен қаласына 166,7 тонна сұйытылған газ бөлген болатын.
Мақсат – өңірге бөлінген газдың халыққа уақытында жетуін қамтамасыз ету. Алдағы уақытта мониторинг жұмыстары күшейтіледі.