• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 6 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Жаңа Экологиялық кодекс Маңғыстау экологиясын жақсартудың негізгі құралына айналады - М. Мырзағалиев

    [ 2021 ] 29 қаңтар, 11:34  |  Маңғыстау жаңалықтары

    Бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Маңғыстау облысына арнайы келді. Ол жақында қабылданған экологиялық кодексті маңғыстаулықтарға таныстырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

    Жаңа экологиялық кодекстің негізгі бағытының бірі ретінде «ластаушы төлейді және түзетеді» қағидатын іске асыру. Осы ретте өңірдегі экобелсенділер кодекстің тиімділігін атап өтті. Атап айтқанда, биоалуантүрлілікке келетін зиянды азайтуға бағытталады, өнеркәсіп кәсіпорындары қоршаған ортаға шығарындыларды азайтады.

    «Биыл қабылданған жаңа экологиялық кодекс Маңғыстау өңірі үшін де негізгі қажетті құжаттың бірі екені сөзсіз. Сондықтан да онда көрсетілген талаптарды іске асыру, табиғат пайдаланушылардың және жалпы жұртшылықтың негізгі міндеті», - деді жиынды ашқан Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов.

    Министр Мағзұм Мырзағалиев Экологиялық кодекс экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесін ескере отырып, халықаралық тәжірибе негізінде әзірленгенін айтты.

    «Экологиялық кодекстің маңыздылығы – адам өмірі мен денсаулығы, қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету, ірі және шағын бизнестің қызметін, олардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметін реттеу сияқты бүкіл қоғамның мүдделеріне әсер ететіндігінде. Кодекс Қазақстандағы, сондай-ақ Маңғыстау облысындағы экологиялық жағдайды жақсартудың негізгі құралына айналады», - дейді министр.

    Вице-министр Ахметжан Пірімқұлов Кодекстің негізгі бағыттары ретінде «ластаушы төлейді және түзетеді» қағидатын іске асыру, ең озық қолжетімді технологияларды енгізу, табиғат қорғау іс-шараларына бюджет қаражатын мақсатты жұмсау, үздік халықаралық тәжірибе негізінде экологиялық талаптарды қатаңдату, мониторингтің автоматтандырылған жүйесін енгізу және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын басқаруды жетілдіру, оның ішінде «waste to Energy» енгізуді атап өтті.

    «Жаңа Экологиялық кодекске сәйкес, 2022 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар көрсетілген барлық соманы, яғни 100% түсімді табиғатты қорғау шараларына жұмсауға тиіс. Ал ірі кәсіпорындарды экологияландыру үшін олар 10 жыл ішінде ең озық қолжетімді технологияларды енгізеді. Бұл уақытта олар эмиссия үшін төлемнен босатылады. Егер кәсіпорындар ЕОҚТ-ға көшпесе эмиссия төлемдері 2025 жылдан 2 есеге, 2028 жылдан бастап 4 есеге, 2031 жылдан 8 есеге өседі », - деді вице-министр.

    Маңғыстау облыстық «Табиғи орта» аймақтың қауымдастығының кеңес төрағасы, эко-амбассадор Әділбек Қозыбақов кодекстің биоалуантүрлілікті сақтауға қосатын үлесіне тоқталды.

    «Экокодексте биоалуантүрлілік түсінігі кеңінен түсіндіріледі. Сонымен бірге биоалуантүрлілікті сақтау шаралары иерархия бойынша, яғни келтіретін қауіпке қарай қарастырылады. «Табиғи орта» қауымдастығының биоресурстарды сақтау жөніндегі инспекциясы тек браконьерлікпен күресте ғана емес, бірінші дәрежелі кәсіпорындардың Кодекс талаптарын сақтаудың мемлекеттік қадағалауына да көмектесуге дайын», - деді ұйым өкілі.

    Елдегі елу ірі ластаушы компаниялар қатарына кіретін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кодекс талабы бойынша ең озық қолжетімді технологияға көшуге дайындық жүріп жатқанын жеткізді.

    «Маңғыстаумұнайгаз» елдегі экологиялық реформаларды қолдайды және экологиялық заңнаманы өзгертуге қажеттіліктің бар екенін түсінеді. Жаңа талаптарды орындау аясында 2020 жылы кәсіппорында кешенді технологиялық аудит жүргізіліп, озық қолжетімді технологияға сәйкестік бойынша сараптамалық есеп алынды. Есепте ЕОҚТ принциптеріне сай бірқатар технологиялық ұсынылды. Бізге Кешенді экологияық рұқсаттама алуға берілген уақыт ЕОҚТ-ға көшіп, халықаралық стандартқа сай жұмыс істеуге мүмкіндік береді деп ойлаймын», - деді кәсіпорын басшысы Лю Цзиньчэн.

    Атап өтейік, экологиялық кодекс шеңберінде кәсіпкерлік, қылмыстық, су кодекстерінің және т.б. бірқатар заңнама нормалары қайта қаралады, сондай-ақ заң жобасын іске асыру шеңберінде 140-қа жуық нормативтік-құқықтық актілер қабылдау жоспарлануда. Мысалы, эмиссия нормасынан асқан жағдайда кәсіпорынға салынатын айыппұл 10 есе, атмосфералық ауаны қорғау мен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау бойынша айыппұл 5 есеге өсті. Жеке тұлғаны әкімшілік жазаға тарту ұзақтығы 2 айдан 1 жылға, заңды тұлғаға 1 жылдан 3 жылға көбейді.

    Жұлдызай ҚАЛИЕВА,

    Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

    1252
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    «Nur Оtan» партиясы өңірді дамытуға арналған бағдарламасын бекітті

    Келесі жаңалық

    Маңғыстауда тәртіп сақшылары жасырын үйлену тойын ұйымдастырған мейрамхананы анықтады

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің жаңа ғимараты ашылды

      [ 2021 ] 29 маусым, 14:20
      4929

      Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

      [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
      5190

      ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

      [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
      4828

      "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

      [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
      4120

      "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

      [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
      4152

      Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
      5089

      Рубрикалар

        Жастар бетіАнықтама бюросыСұхбатҚызық дерекТағайындауБейнеуАудан тынысыМаңғыстау жаңалықтарыРухани жаңғыру

      Автордың басқа да жазбалары

      Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты

      4 қараша, 10:06
      532

      Маңғыстаудағы ірі мұнай компаниялары жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға келісті

      4 қараша, 09:51
      158

      Туған өлке тарихын толғаған

      31 қазан, 17:51
      590

      Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды

      31 қазан, 11:45
      395

      Маңғыстау облысының әкімі Нұдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады

      31 қазан, 10:11
      360

      Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс хан ұлттық музейіне барды

      29 қазан, 15:36
      348

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»