Теңіз жаяу әскерлері бригадасында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі батальондар командирлерінің орынбасарларымен оқу-әдістемелік жиын өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жиынның негізгі мақсаты – тәрбиелік сипаттағы күнделікті іс-шараларды ұйымдастыруда әдістемелік дағдыларды жетілдіру.
Қатысушылар жеке құрамды тәрбиелеу мәселелеріндегі жаңа тәсілдерді талқылап, егжей-тегжейлі талқылады.
Сондай-ақ тәрбиеші-офицерлер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, дене шынықтыру, атыс дайындығы және арнайы пәндер бойынша сынақтар тапсырды.
Жиын қатысушыларына далалық ақпараттық білім беру кешендерін жабдықтау мен жинақтаудың бірнеше нұсқалары ұсынылды. ТМД елдерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері қарастырылды, келесі жылға жаңа мақсаттар мен перспективалық жоспарлар белгіленді.
«Жеке құрамның моральдық рухы мен психологиялық жай-күйі дұрыс жұмысқа және дұрыс таңдалған тәрбие әдістемесіне байланысты», - деп атап өтті «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Қанат Белгібеков.
Оқу-әдістемелік жиындардың қорытындысы бойынша үздік офицер-тәрбиешілер мақтау қағаздарымен марапатталды.