Маңғыстауда 5 қаңтардағы жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарда 113 адам ем қабылдап жатыр. Бұл туралы МО ҚКО хабарлады.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 113 науқастың 48-нен коронавирус анықталған. Қазіргі уақытта орта дәрежелі жағдайда 93, жағдайы ауыр жағдайде 14 науқас, өте ауыр жағдайда 5 науқас бар.
Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулары себеп болып отыр. Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 25 пайызды құрайды. Облыс көлемінде 444 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 54.
Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.