Биыл Маңғыстау облысында 563 жұптың некесі бұзылды. Ал 2019 жылы 1 724 жұп ажырасқан. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының әділет департаменті басшысының орынбасары Айзат Тіленбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Бұл – қуантарлық жағдай. Биыл ажырасқандар санының азайғанын пандемияға байланысты деп ойлаймыз. Яғни, адамдар көп уақытты үйде, өзінің отбасымен өткізді. Осы арқылы түсініспеушілікке, жанжалға жол берілмеді», - деді Айзат Тіленбаев.