Пандемия кезінде ерікті қызмет еткен волонтерлар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Алғыс хатымен марапатталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстаулық белсенділерге алғыс хатты облыс әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова табыстады. Ол коронавируске қарсы күресте күш жұмылдырып, халыққа қолдау көрсеткенге өз ризашылығын білдірді.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Алғыс хатымен марапатталғандар:
Қапарова Перизат Асылбекқызы - Маңғыстау облысы көпбейімді балалар ауруханасының басшысы
Турина Диляра Талғатқызы - "D.A.SCHOOL" ЖШС директоры, волонтер
Жанна Ганджа - "УПП" ЖШС директорының орынбасары
Төрешов Азамат Назуллаұлы - "ӨзенМұнайГаз" АҚ операторы
Мырзанов Райымбек Жамбылұлы - Жаңаөзен қаласы мектеп лицейінің мұғалімі
Молдабай Аллаберген Ерсұлтанұлы - Волонтер
Құлжағазов Аманқос Ниетуллаұлы - Волонтер
Кенжеғалиев Асхат Қайыржанұлы - "Кенжиг" ЖШС электригі
Дастенов Әлібек Абайұлы -"МұнайСпецСнаб" ЖШС жүргізушісі
Мальцев Анатолий Владимирович - "Қазақтелеком" АҚ электромеханигі
Режепов Рамазан Сейдахметұлы - Волонтер
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттер автордан