Ақтауда салынып жатқан кейбір құрылыс нысандарының сыртына ескерту баннері ілініп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ескерту баннерінде «Бұл құрылыстың үлескерлік қатысу арқылы қаражат тартуға рұқсаты жоқ» деген мәтін бар. Осы арқылы Ақтау қалалық әкімдігі тұрғындарға ескертіп, тұрғын үйге қаражат саларда мұқият болуды сұрайды. Компанияның рұқсат қағазы болмаған жағдайда баспана сатып алуға кеңес бермейді.
Еске сала кетейік, тиісті рұқсатсыз үлескерлерден қаражат тартуға ҚР «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңмен тыйым салынған. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.