Ақтауда карантин талаптарын сақтамаған нысандар анықталды
[ 2020 ] 23 желтоқсан, 11:42 | Маңғыстау жаңалықтары
Ақтауда карантин талаптарын сақтау бойынша мобильді топтар жұмысы жалғасуда. Полиция қызметкерлері, еріктілер және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау өкілдері дүкендерді, сауда орталықтарын, мейрамханаларды және басқа да кәсіпкерлік субъектілерді тексеруде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала әкімінің орынбасары С. Гусман жетекшілік ететін мониторингтік топ кеше сағат 17:30 ден бастап мониторингке шықты.
Рейд барысында:
- 24 шағынаудандағы "Айтан" дәмханасында қызметкерлердің бетперде және қолғапсыз жұмыс істегендері анықталды. Сондай-ақ, нысанда термометр жоқ және арақашықтық белгіленбеген. Түсініктеме алынды.
- 26 шағынаудандағы "Loto club" лото бар тыйым салынғанына қарамастан жұмыс жасап тұрған, қызметкерлерде бетперде, қолғап, термометр болмаған. Түсініктеме алынды.
- 26 шағынаудандағы "Достық" сауда үйіндегі "Good Market" супермаркеті қаралды, термометр жоқ екені және тұтынушыларда арақашықтықтың сақталмауы анықталып, түсініктеме алынды.
- 28 шағынаудандағы "Данияр" мини-маркеті Қаралды. Қызметкерлер термометр, қолғап және бетпердесіз қызмет көрсеткен. Сондай-ақ, арақашықтық белгілері жоқ.
- Толқын 1 ш/а "James Burger " - қызметкерлерде қолғап, бетперде және термометр болмағаны анықталды.
- 28 ш /а, "Аман" супермаркетінде карантин режимін бұзу фактілері анықталған жоқ. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
- 27 ш / а, "Бәйтерек" С/О. "Технодом" - режим бұзушылық анықталған жоқ, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
- Толқын 1 ш/а, "Бархан Бургер" - кейбір қызметкерлерде бетперде болмаған, сондай-ақ арақашықтық белгіленбеген.
"Құрметті қала тұрғындары! Бетперде киіп, арақашықтықты сақтайық. Эпидемиолог дәрігерлердің айтуынша, короновирус инфекциясы белең алып келеді. Атырау облысы қызыл аймаққа енді. Маңғыстау облысында да күн сайын квимен 15 адам тіркелуде. Карантин режимін сақтайық", делінген хабарламада.
843
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.