Ақтау гарнизонының әскери сүңгуірлері шеберліктерін шыңдап жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау гарнизоны баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сүңгуірлік даярлық порттарда, акваторияларда, суларда және жағалауда жауынгерлік міндеттерді орындау үшін жүргізіледі.
Әскери қызметкерлер ашық теңізге түспес бұрын қажетті дағдыларды алуы керек. Әскери-теңіз күштері сүңгуірлерінің бастапқы даярлауы бассейнде жүргізіледі. Яғни теория сабақтар өтеді.
Жауынгерлік жүзушілер жабдықтың материалдық бөлігін және тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделейді, сынақтар тапсырады және сүңгуір жабдығын пайдалануға рұқсат алады.
Сүңгуірлер үшін ең бірінші су астындағы дұрыс тыныс алу, аппараттағы қысымды теңестіруді үйрену маңызды. Сондай-ақ стресске төзімділік жаттығуларын және төтенше жағдайларды жою әдістерін үйрену қажет. Нұсқаушылар оқытудың барлық кезеңдерінде қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше көңіл бөледі.
«Жыл сайын жеңіл сүңгуірлік дайындық бойынша курстан әскери сүңгуір мамандығын таңдап, жаңадан келген әскери қызметшілер өтеді. Мұндай сабақтардың бірінші кезеңі бассейнде өткізіледі. Бізді акватлон, су астындағы қойын-қолтық ұрыстарын үйретеді. Бұл сабақ барысында ағзаның гипоксияға төзімділігі және су ортасында болу сенімділігі сияқты қасиет дамиды», - дейді топ сержанты 3-сыныпты сержант-сүңгуір Руслан Орумбаев.
Айта кетейік, қыста бассейндегі сабақтар аптасына үш рет өткізіледі. Көктемде, күн жылына бастағанда Әскери-теңіз күштерінің сүңгуірлері ашық су айдындарында сүңгуге кіріседі.