Ақтауда құрылысы аяқталмаған ғимараттың жоғары қабатында хоккей ойнап жүрген кәмелетке толмаған балалардың видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оқиға кеше 15 шағынаудандағы ғимараттардың бірінде болған. Полицейлер оқиға орнына барып, мән жайды анықтаған.
«9 және 14 жастағы екі бала полицияға жеткізілді. Олардың ата-аналары шақырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді", делінген хабарламада.
"Құрметті ата-аналар, балалар мұндай жағдайдың қаншалықты қауіпті екенін түсіне бермейді. Ата-аналардың, білім беру мекемелерінің, құқық қорғау органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана балалардың өзін-өзі сақтау инстинктін дамытып, қоғамда дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға болатынына сенімдіміз», деді полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында бірнеше күннен бері қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болды.