Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев айтты.
«Соңғы 7 күнде короновируспен ауырғандар тіркелген жоқ. 27 наурыз бен 7 қыркүйек аралығында 3 334 «COVID-19» вирусын жұқтырған. Оның ішінде 1 140 шағымы бар, 2 194 шағымсыз науқас анықталып отыр. Облыста барлығы коронавирустың шағымы бар түрін жұқтырған 1 140 науқас тіркелді, оның ішінде Ақтау қаласы – 467, Жаңаөзен - 157, Түпқараған -38, Қарақия – 74, Маңғыстау – 41, Мұнайлы – 165, Бейнеу – 198 болды», деді Ғ.Надуев.
Оныңммәліметінше, облыста вирус жұқтырғандардың ішінде 74-і медицина қызметкерлері.
«Инфекция жұқтырғандардың ішінде медицина қызметкерлері - 74, мүгедектер - 9, жұмыссыздар - 283, оқушылар - 42, ұйымдаспаған балалар - 33, зейнеткерлер - 261, әскери бөлімдерден - 18, кенорындағы тамақтандыру Каспиан Фуд мекемесінен – 9, әскерге шақырылғандардан -4, ТеңізшеврОйл қызметкерлері - 35, өндірістік мекемеде -129, мемлекеттік қызметкерлер – 24, студенттер - 21, тағы басқалар - 165, бала-бақша қызметкерлері мен мұғалімдер - 23, ішкі істер қызметкерлері - 10», - деді ол.
Бүгінде облыста ПТР тәсілімен тест алатын барлығы 5 мемлекеттік және жекеменшік зертхана бар. Онда бүгінге дейін 107 581 адам тексеріліп, оның 3 334 оң нәтиже берді. Аймақтағы ұлттық сараптама орталығында бүгінгі таңда 9 811 тест сынамасы бар.
17-ші тамыздан бастап кезең кезеңімен нысандардың ашылуына байланысты бүгінгі таңда 5 020 нысан жұмысын қайта бастады.