Кешегі ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы менің ойымнан шықты.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес - ең өзекті сұрақтардың бірі. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз - бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты деп айтқан екен кезінде Аристотель ғұлама. «Кез келген мемлекеттік құрылыстағы басты нәрсе - бұл заңдар өзге де күн тәртібінің жәрдемімен істі лауазым иелері баю жолына түсіп кетпейтіндей етіп ұйымдастыру. Жалпы жұртқа ортақ пайда келуін ойластыратын мемлекеттік құрылыстар ғана әділ, дұрыс болмақ», - деген екен ойшыл ғалым.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.
Әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да бар қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуатын жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу. Осы заңмен, мемлекеттік міндетті атқаратын және де оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін, мүмкіндіктерін пайдалана отырып, пайда табу сыбайлас жемқорлық деп анықталған. Мемлекеттік тиісті органдар сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі түрде жалғастырып, пәрменді шаралар көріп отырғаны баршаға белгілі. Оның айтарлықтай нәтижесі де бар. Олар туралы бұқаралық баспасөз бетінде, теледидар және радио арқылы қоғам мүшелеріне жеткізіліп жүр. Соның бірі ақпараттық ағартушылық штабының Маңғыстау облыстық филиалының жұмыстарын ерекше аударуға болады. Жолдауда жемқорлықты жою жəне алдын алу жолдары жан жақты айтылды. Мен жүз пайыз қолдаймын.
Айсұлу Дутбаева,
ақпараттық ағартушылық штабының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы