Қазақстан Республикасының негізгі нормативтік құқықтық актісі «Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы МО Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Ратбек Демеуберген мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Тұжырымдамалық аппарат толықтырылды.Коммуналдық және жеке жағажайларда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірнеше іс-шаралар мен міндеттер қарастырылған. Су айдындарында азаматтардың жүріс-тұрыс тәртібі мен балалардың қауіпсіздігі және туристік маршруттарды өткізу кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі белгіленді. Сондай-ақ су айдындарында қыс мезгіліндегі қауіпсіздік тәртібі белгіленді», - деді ол.
Су айдындарында рұқсат етілмейді:
1) «Суға түсуге тыйым салынады» деген белгілер орнатылған жерлерде шомылуға;
2) Жүзудің шекарасын белгілейтін қалқы белгілерден кейін жүзуге;
3) Шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жүзуге;
4) Қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жағажайлардан, табиғи құралымдардан (жартастардан, құздан, қойтастардан, жақтаулардан, қоршаулардан және басқа да заттардан), сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіруге;
5) Жалған дабыл айқайларын беру;
6) Су айдындарында қауіпсіздік белгілерін өз бетімен жоюға (алуға), бүлдіруге немесе орнатуға жол берілмейді;
7) Суға кіруге және алкогольді және есірткіге мас күйде шомылуға;
8) Тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға түсуге;
9) Жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
10) Балаларға ересектерсіз суға түсуге жол берілмейді.