Ақтауда 11 шағынаудан 19-үйдегі екі пәтер өртенді. Оқиға орнындағы 50 шақты тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Өрт алдымен үйдің 4-қабатында сағат шамамен 13:15-те басталған. Жалын жоғарыдағы 5-ші қабаттағы пәтерге жайылған.
Облыстық төтенше жағдай департаментінің жедел құтқару жасағының хабарлауынша, өрт туралы хабарлама сағат 13:15-те түскен. Ал 14:00 шамасында өрт сөндірілген. ⠀
«Зардап шеккендер тіркелген жоқ. Өртті сөндіру жұмыстарына 3 техника мен 10 құтқарушы жұмылдырылды. 50 адам көшірілді. Өрттің неден шыққаны белгісіз», - деп хабарлады департаменттен.