Маңғыстау облысы Қарақия ауданының тұрғыны 100-ден аса адамды жинап, той жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аймақтың бас санитарлық дәрігерінің қатаң шектеу шараларын енгізу туралы қаулысына сәйкес, адам көп жиналатын мұндай шараларға тыйым салынған.
Карантин талаптарын бұзған үй иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 462-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материал процессуалдық шешім қабылдануы үшін аудандық сотқа жіберілді.
Маңғыстау полициясы тұрғындар мен қонақтарды карантин шараларын қатаң сақтауға шақырады.