Облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Ақтау қаласында орналасқан № 1, 2, 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының барды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Әлихан Қыраубаев арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызмет көрсету сапасы мен материалдық-техникалық жабдықтарымен танысты. Сонымен қатар жұмыс барысында жолығатын мәселелеріне де тоқталып өтті. Қызметкерлердің кәсіби деңгейлеріне, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарттары мен мөлшерлеріне сай келулеріне де назар аударды. Орталықтарға қойылатын талаптың бірі ретінде бейне бақылау жүйелерінің дұрыс жұмыс жасауын да тексерді.
"Жұмыспен қамту Жол картасы" бағдарламасы аясында №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен де танысып, жөндеу жұмысын жүргізуші мекеменің басшылығына орындалатын жұмыстың сапалы болуы мен жұмысқа орналастыру үшін ашылатын әлеуметтік жұмыс орнын құру міндеттілігінің маңыздылығын ескертті.
Орталық объектілеріне барып танысуды қорытындылай келе, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді одан әрі жетілдіру, қамқорлықтағылардың қауіпсіздігі мен оңалту шараларының нәтижелі болуы бағытында орталық басшылары мен облыстық басқармаға арнайы тапсырмалар берді.