Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 2 адам тіркелді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бірінші науқас - 1988 жылғы ер адам. Ақтау қаласының тұрғыны. Вирус скрининг кезінде анықталды. Екінші науқас - 1993 жылғы әйел адам. Ақтау қаласының тұрғыны. Вирус дәрігерге қаралуға барған кезінде анықталды.
Қазіргі таңда бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
22.06.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 436 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 133;
Жаңаөзенде – 40;
Маңғыстау ауданында – 18;
Мұнайлы ауданында – 31;
Қарақия ауданы – 47;
Бейнеу ауданында - 156;
Түпқараған ауданында - 11;
Жазылып шыққаны – 316;
Қайтыс болған – 3.