Маңғыстау полиция басшысы генерал-майор Жанарбек Бақтыбаевтың нұсқауы бойынша полиция департаментінде қызметтік іс-әрекетте құқық қолдануды сақтау және қызметтік автокөлікте жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында қызметтік көлікке бекітілген қызметкерлермен жол қозғалысы ережелерін және осы саладағы заңнаманың өзгерістерін зерделеу бойынша қызметтік сабақтар үнемі өткізіліп тұрады.
Қызметтік көліктерге бекітілген қызметкерлер жол қозғалысы ережелерін білуге және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Жақында полиция департаментінің компьютерлік сыныбында полиция жүргізушілері арасында жол ережелері бойынша білімін сынайтын тест өткізілді. Бұл компьютерлік сынып жол жүру ережесін білуге арналған тестілерді орындау үшін емтихан тапсыруға арналған заманауи бағдарламамен жабдықталған.
Тестілеуден еш қиналмастан тек облыс орталығының полиция қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар аудандардың полицейлері де мүдірмей сынақтан өтті. Барлық тестіленушілер тапсырмаларды орындады. Полиция-жүргізушілердің білімін тексерудің мұндай тәсілі жедел қызметтік міндеттерді шешуге тұрақты дайындықты қолдау үшін қажет.
Ханым Қуат