Маңғыстау облысы бас санитарының қаулысына сәйкес, моншаларда карантин талаптарының сақталуы бойынша мониторинг жүргізілді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақтау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы және Қалалық әкімдік қызметкерлерімен бірге карантин талаптарының қалай сақталуда екенін тексерді.
8 маусымдағы МО Бас санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, қоғамдық моншалардың жұмыс істеуіне тыйым салынған, тек бөлек бөлмелері бар моншаларға рұқсат етілген. Қаулыға сәйкес, таңғы 06:00-23.00 аралығында жұмыс істеуіне рұқсат етілген.
Мониторинг барысында тексерілген нысандарда тазалық жұмыстарының тиісті деңгейде орындалмауы, қызметкерлердің дене қызуы тексерілген арнайы жазбаның болмауы анықталды.
Осыған байланысты, карантин талабы сақталмаған монша иелерінен түсініктеме алынып, ескерту берілді, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әрі қарай, жинақталған материалдар құзырлы органдарға жіберіледі.