Мұнайлы ауданының тұрғыны несиені өтеу үшін жаңа туған сәбиін сатып жіберген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тұрғынның бұл әрекетке баруына екі банктегі несиесі түрткі болған. Несиеден құтылу үшін баласын 907 мың теңгеге сатуға келіскен. Яғни сатып алушы берешегін өтеп беруге уәде берген.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сәбиді алған әйел келісімді орындамаған. Сондықтан сәбиін сатқан ана полицияға жүгініп, баласын ала алмай жүргеніне шағымданған.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы (Адам саудасы) бойынша іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүруде. Екі жаққа да ешқайда кетпеу туралы шарт қойылды», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.