Қала тұрғындарының "Ақбота" саябағындағы серуендеу орындарының жеткіліксіздігіне, сондай-ақ парктегі жануарлардың көптігінен жарақаттану шағымдарына байланысты “Ақбота” МКК аумағында жылқыларды, пони және т.б. жануарларды жалға беретін кәсіпкерлердің жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта олармен жасақталған келісімшарт, сондай-ақ аталған кәсіпкерлердің рұқсат құжаттары жоқ, яғни олар кәсіпкерлік қызметті заңсыз жүзеге асырған. Бұл туралы оларға тиісті хабарламалар берілді. Бұдан өзге учаскелік инспекторлармен бірге “Ақбота” МКК қызметкері бірлесіп мониторинг жүргізеді, деп хабарлады Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұл мәселе жақын арада өтетін қоғамдық тыңдауда қаралатын болады.