Ақтауда карантин кезінде қаладағы жағажайларда жүрген халықтың суреттері мен видеолары әлеуметтік желілерде кең тарап кетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Соңғы күндері ауа температурасы күрт көтеріліп, 42 градусқа дейін жеткен.
Маңғыстау облысының санитар дәрігерлері тұрғындардың аптапта суға шомылғысы келгеніне түсіністікпен қарады, бірақ қашықтық пен сақтық шараларын ұстануға шақырды.
"Жаз биыл өте ыстық, үйде отыру қиын. Облыс тұрғындарының теңізге түсіп, отбасымен жағажайда демалғысы келгенін түсінеміз. Бірақ тұрғындардан сақтық шаралары мен демалып жатқан басқа адамдардан қашықтықты сақтауды сұраймыз", делінген Маңғыстау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Видеоны түсірген Ақерке ГАГАРИНҚЫЗЫ