Құрметті достар, әріптестер!
Жақында «Nur Otan» партиясы өзінің праймериз туралы ережесін жариялады. Праймериздің негізгі мақсаты – барлық деңгейдегі мәслихаттар мен Парламент мәжілісіндегі тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру үшін бәсекелестік негізде жаңа көшбасшыларды айқындау.
Аталған Ережеде: «Праймеризге ҚР Парламентінің Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа, партия филиалдарының органдарына, кандидаттарды ұсынуға және мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыным жасауға арналған партиялық тізімдерге одан әрі енгізу үшін алдын ала партияішілік іріктеу», - делінген. Демек партия алда келе жатқан Мәжіліс және барлық деңгейдегі сайлауға түскісі келетін азаматтарды праймериз арқылы іріктейтін болады.
Бұл – елде жүргізіліп жатқан саяси реформаның тағы бір жарқын қадамы. Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға білікті, жаңашыл депутат таңдаудың таптырмас тәсілі. Алдағы праймеризде қазіргі трендтер ескеріліп, дәстүрлі дауыс берумен қатар онлайн дауыс беруді де өткізу жоспарланған.
«Партиялық тізімдерге халықтың әр түрлі бөлігінің өкілдері, беделді, азаматтардың сеніміне ие болған отандастарымыз кіруі тиіс», - деп партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев нақты атап көрсеткен болатын. Сондықтан партия мүшелерімен қатар қоғам өміріне бей-жай қарамайтын, дарынды да креативті барша қазақстандықты алдағы праймеризге белсенді қатысуға шақырамын.
Губашов Нажимеден Бақтығалиұлы
Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты