ҚР ҰҚК ШҚ Маңғыстау облысы бойынша департаменті ҰОС еске алу акциясы шеңберінде «Жеңіс эстафетасы» символын өзбекстандық әріптестерінен қабылдады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдымен символ эстафетасы Бейнеу аудандық шекаралық басқармасының әскери қызметшілері МИ-8 тікұшағының экипажына тапсырылды. Содан кейін Қарақия аудандық шекаралық басқармасына беру үшін Ақтау қаласына келді.
Сонымен қатар 18 мамыр күні «Жеңіс эстафетасын» Жағалау күзеті бірінші дивизионының эстафета тобына берді. Ал жағалау күзетшілері аталған символды теңіз үстінде әзербайжандық әріптестерге тапсырды.
Іс-шара Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан шекарашылардың мемориалына гүл шоқтарын қою және естелік суретке түсу рәсімімен жалғасын тапты.
Айта кетейік, бұған дейін «Жеңіс эстафетасы» Ресейдің және Қырғызстанның сыртқы шекаралары бойымен жүріп өткен болатын.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН