Маңғыстау облысы Полиция Департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Амангелді Досжанов аймақ тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасының «Гарант 24 Ломбард», «Estate Ломбард», «Выгодный займ», «PLUS CAPITAL», «Выгодный депозит», «ХоумАвтоИнвест» атаулы ломбард мекемелерінің заңсыз қызмет ету деректерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Осы мекемелердің бірқатар басшылары сот санкциясымен тергеу изоляторына қамауға алынды. Осыған байланысты, материалдық шығын келтірілген барлық салымшылар тұрғылықты мекен-жайы бойынша қалалық немесе аудандық полиция бөліміне арызбен жүгінуі қажет, ол жерде Сіздердің арызыңыз қабылданып, тергеу амалдары жүргізіледі.
Тергеп-тексеру барысында кепілге қойылған автокөліктерді, пәтерлерді әрі қарай өткізуді, сатуды болдырмау үшін оларға сот санкциясымен тоқтам салынды.
Тыйым салынған мүліктер сатып алушылардың өздерінде қолхат арқылы сақтауда болады және де оларға ҚР ҚК 425-бабына сәйкес осы мүліктерді есептен шығарғаны, сатқаны немесе жасырғаны үшін қылмыстық жауапкершілігі ескертілуде.
Тергеумен азаматтарға келтірілген шығынның өндірілуін қатматасыз ету мақсатында барлық қажетті шаралар қабылдануда.
Тергеу нәтижесімен қылмыстық іс сотқа жолданады. Тергеу барысында тыйым салынған мүліктердің тағдыры іс сот қарауына берілгеннен кейін заңмен белгіленген тәртіпте шешілетін болады.
Арыздарыңыздың қаралуы және қылмыстық істің тергеу барысы туралы қажетті ақпаратты Сіздер Ақтау қаласы, 3 "б" шағын ауданы, №13 ғимарат мекен-жайы бойынша Тергеу басқармасынан ала аласыздар, немесе төмендегі көрсетілген телефондарға хабарласуға болады: 47-44-08, 47-42-13, 47-42-03, 87026265686, 87753295502, 87754218099»