Терезеден балалардың құлауы: қайғылы жағдай болмас үшін не істеу керек
[ 2020 ] 26 мамыр, 10:45 | Маңғыстау жаңалықтары
Баланың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғаны болдырмау үшін келесі қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар:
- Ата-аналар немесе ересектер үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмауы керек! Өйткені балалардың жанында ересектер болғанымен, назарын басқа нәрсеге аударған мезетте бала терезеден құлап кетуі мүмкін.⠀
- Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыздар.
- Ешқашан терезедегі москиттік торларға сенбеңіздер! Олар құлаудан сақтауға арналмаған, құлап бара жатқан балаларыңызды қорғай алмайды!⠀
- Қылтимаға (балконға) ересектерсіз шықпауы туралы балаға түсіндіріп, қадағалаңыз.
- Терезені, іштен ашылатын және жылжымалы торлардың ашу тәсілдерін балаға көрсетпеу, үйретпеу керек.
- Іштен ашылатын немесе жылжымалы торларды балалардың ашпауы үшін, арнайы бекіткіштер орнату қажет.
- Ешқашан ұйықтап жатқан баланы жалғыз өзін қалдырмаңыз, себебі бала оянып терезеге қарай ұмтылу мүмкін.
- Балалардың жасы үлкендеріне өзінен кейінгі жасы кішілеріне қарап жүруіне, сақтық шараларын үйрету керек.
- Егер балаңызға терезе қарап бірнәрсе көрсетіп жатсаңыз, оны терезе алдына мінгізбеңіз, қолыңызда ұстап тұрыңыз.
- Терезеге темір торды арнайы талаптарға сай орнату қажет яғни, өрт кезінде ғимараттан шығаруға оңай ашылатындай қарастыру қажет. Тордың ортасын бөліп тұрған темірлердің арақашықтығы бала басы симайтындай (10 см-ден аспауы тиіс) болуы керек.
1636
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.