Аймақтағы балабақшаларда кезекші топтар ашылды. Тәрбиеленушілерді ата-ананың жұмыс орнынан талап етілген анықтама арқылы қабылдайды. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Өздеріңізге белгілі, 16 наурыздан бастап облыстағы барлық білім беру ұйымдарының кейбірінің жұмыстары қашықтықтан оқыту режиміне өтсе, кейбірінің жұмысы мүлде тоқтатылған болатын.
Ал 7 мамырда жарияланған облыстың бас санитар дәрігерінің «Карантин шараларын өзгерту туралы» №18 ПГСВ қаулысына сәйкес білім беру ұйымдары арнайы ережелерді сақтай отырып жұмыс істейді.
Қазіргі таңда басқарма тарапынан келесі жұмыстарды үйлестіруге тапсырма берілді, олар:
Ал Бейнеу, Маңғыстау аудандарындағы балабақшаларды ашуға тауарлар мен көрсетілген қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімдерінен рұқсат берілген жоқ. Басқа аудан, қаладағы 118 балабақшаға 1 803 бала келеді.