Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының бұйрығымен 12 мамырынан бастап Маңғыстау облысының каратэ-до бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы П. Мансуров өз еркімен қызметінен босатылды.
Маңғыстау облысының каратэ-до бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысының міндетін атқарушы болып Зейнулла Исламұлы Оңайбаев тағайындалды.