Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан қаладағы 2 мектепке барды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күрделі жөндеу жұмыстары басталған 15 шағынауданда орналасқан IT мектеп-лицейі 930 орынға арналған. 1993 жылы пайдалануға берілді. Білім беру ұйымында қазіргі таңда 1(бір) кезеңде 1061 оқушы қазақ тілінде білім алып жатыр. Қалада жұмыссыздық есебінде тіркелген 50 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.
29 шағынауданда орналасқан №28 жалпы білім беру орта мектебінде де күрделі жөндеу басталды. Білім ошағы 2001 жылы қолданысқа берілген болатын. Күрделі жөндеу жұмысы 2019, 2020 жылдарға бөлінген. 2019 жылы игерілген қаражат көзі толығымен игерілді. Қазіргі таңда 65 адам жұмысқа тартылған.
Қала әкімі мердігер мекеме өкілдеріне жұмыстың сапалы жүруін қадағалауды, жаңа оқу жылына дейін уақытылы аяқтауды тапсырды.