Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жаңаөзен қаласының әкімдігінде кезекте тұрған азаматтарға 2019–2020 жылдары Ақтау қаласынан 544 пәтер беру жоспарланған.
Айта кетейік, 2019 жылдан бастап Жаңаөзен қаласын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес Жаңаөзен қаласының әкімдігінде кезекте тұрған азаматтарды Ақтау қаласына көшіру жұмыстары басталды.
Биыл «Өзенмұнайгаз» АҚ есебінен 1,5 млрд теңгеге 150 пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Ал 2019 жылы республикалық бюджет есебінен 2,7 млрд теңгеге 268 пәтер сатып алынған еді.
Сонымен қатар, «Өзенмұнайгаз» АҚ есебінен 1,0 млрд теңге қаржыға 126 пәтер сатып алынды. Соның 70-і 2019 жылы беріліп, қалған 56 пәтер биыл беріледі.