"Ұлттық Рух" қоғамдық ұйымы және облыстық "Бекет ата" мешітінің бастамасымен "Ораза тартуы" акциясы басталды. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімдігіне сілтеме жасап mangystaumedia.kz сайты хабарлайды.
Шара мақсаты - дайындалған арнайы тізімдегі азық-түлік жиынтығын мекен-жайы бойынша апарып беру. Яғни өз қолыңызбен ауызашар дәмін мұқтаж жанға тапсыру.
Акцияны мемлекеттік қызметкерлер бірінші болып қолдады. Қалалық әкімдіктің қызметкерлері 150-ге жуық отбасыға Ауызашар апарды. Сондай-ақ, облыстық мәдениет басқармасы, өнер саласының өкілдері де азық-түлікпен көмектесті.
Рамазан айында басталған аталған акцияға сіз де үлес қоса аласыз! Қолдау көрсетіңіз!