Бүгін Жаңаөзен қаласында он төрт күндік карантинде болған көпқабатты тұрғын үйдің подъезді ашылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Естеріңізде болса, 15-16 сәуір күндері «Көктем» шағынаудан, 50 үйінің қос тұрғынынан COVID-19 инфекциясы анықталған еді. Сол күні подъездің 50 тұрғынын оқшаулаулаған болатын. Оқшаулауға алынған пәтер иелерімен кері байланыс орнату мақсатында, Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй инспекциясымен ватсап арқылы чат құрылды, тұрғындар осы желі арқылы керек-жарақтарына ұсыныстарын айтып отырды.
Сонымен қатар тұрғындардың арасында көмекке аса мұқтаж жандар анықталып, олар қала активінің қолдауымен азық-түлік жиынтықтарымен қамтамасыз етілді.
Бүгін, 29 сәуір күні пәтер иелері оқшаулаудан шығып, күнделікті өмірге, яғни жұмысқа, азық-түлік дүкендерге баруға, көршілерімен қарым қатынас жасауға мүмкіндік алды. Ал сол үйдің екі тұрғыны қазіргі таңда провизорлық орталықта емделіп жатыр. Жағдайлары бірқалыпты.