Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы облыс орталығындағы «Хиуаз», «Әлия», «Мәншүк» балабақшаларына қорғаныс маскаларын сыйлады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп әкімшілігінің ұсынысымен өнер пәнінің мұғалімі Алмагүл Жұмаева балабақшалардағы қызметкерлерге арнап 60 маска тікті. Қорғаныс құралдары әр балабақша мамандарына 20 данадан таратылды. Балабақша қызметкерлері қайырымдылық жасаған мектеп ұжымына алғыс білдірді.
«Масканы көптеп тіккіміз келген. Бірақ қазіргі таңда материал тапшылығы байқалады. Сол себепті мүмкіндігімізге қарай қайырымдылық жасауды ұйғардық», - деді өнер пәнінің мұғалімі, тігінші Алмагүл Тимурқызы.
Осылайша ұстаздар қауымы #Бізбіргеміз жалпыхалықтық акциясына үлес қосты.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА