Маңғыстау облысында 215 адам үй карантинінде жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, 30 адам провизорлық стационарында бақылауға алынған. (Ақтау – 19, Жаңаөзен – 10, Бейнеу – 1). Сондай-ақ 45 адам обсерваторда жатыр (Ақтау – 35, Түпқараған – 4, Бейнеу – 6).
Еске сала кетейік, 27 наурыз күні Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам анықталған болатын.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА