Коронавирус инфекциясына қатысты қауіпсіздік шаралары күн өткен сайын күшейтілуде. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімдігі хабарлады.
Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінен жасақталған топтың көмегімен қаладағы «Мағаш», «Масат» «Ақ базар», 27-шағынаудандағы «жасыл базар» мен 28а-шағынаудандағы сату орындарына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
«Біздің облысымызда вирустың алдын-алу үшін шектеу шаралары қойылды. Сауда орталығында жасалып жатқан тазалық жұмыстары да осы мақсатта жасалуда екенін білесізер. Сондықтан адамдар өздерінің жеке басының саулығы үшін базарға тек тамақ алу үшін келіп, босқа жүрмей, бала-шағаны алып келмеуін сұраймыз. Бәрі жасқы болсын», - деді "Мағаш" базарының директоры Мұхтар Жарылғапов.
Айта кетейік, осыған дейін «Ынтымақ», «Достық», «Мәгілік алау», теңіз жағалауы, орталық көшелер тазаланған болатын. Арнайы даярлықтан өткен Қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелері. АРС-14 автомобиль құю станцияларын пайдалану арқылы жасады.