Ақтауда дезинфекция жұмыстары басталды. Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінен жасақталған арнайы топ қаладағы бірнеше орынды дезинфекциялады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Дезинфекция жұмыстары адам көп жүретін Ынтымақ алаңы (21 120 шаршы метр), Жеңіс скварі (20 370 шаршы метр) және Теңіз жағалауынан басталды. Қауіпсіздік шаралары күнде таңертең 09:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі.
Арнайы жеке қорғаныс киімдерін киген әскери қызметшілер арнайы жуу құралдары мен «Рубеж» дезинфекциялық ертіндісі бар жеке газсыздандыру жинақтарын қолданып жатыр. Ерітінділер адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз. Сондай-ақ АРС-14 автомобиль құю станцияларын пайдалануда.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА